KZ
Өскемен
+4°
переменная облачность жел 7 м/с, ОШ
447.89 476.78 4.79

№33 автобус әйел адамды қағып кеткен - Өскемен

25.11.2022, 15:58 756 Ләззат Қанатқызы

Бүгін сағат 9.00 шамасында Карбышев көшесінің маңында болған жол аптаның мән-жайы анықталды.

Бұған дейін жаяу жүргіншілер өткелінде әйел адамды автобус қағып кеткенін, 1974 жылғы әйел алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмғанын жазған болатынбыз.

- Көз жұмған әйел адамның жеке басы анықталды. Белгілі болғандай, әйел адам жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан. Яғни, ол рұқсат етілмеген жерді кесіп өтпеген. Автобус аялдамасына да жол апатының қатысы жоқ. Оқиға болған жер аялдамадан әлдеқайда алыста орналасқан, - дейді Өскемен қалалық ПБ жол-техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы Сергей Коваленко.

Әлеуметтік желіде тұрғындар болған қайғылы оқиғаға ауа райының қолайсыздығы мен жолдың жай-күйі себеп болуы мүмкін екенін жарыса жазып жатыр.

- 25 қараша күні түнде Карбышев көшесінің жолы қардан тазартылған. Таңғы уақытта аздаған қар жауды, бірақ жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін емес, - деді Сергей Юрьевич.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив