KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 1 м/с, С
541.01 640.34 6.52

Өскемендегі сот ғимаратына да «бомба қойылды»

6.02.2023, 16:55 662 Ләззат Қанатқызы

Полиция қызметкерлеріне сот ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр.

Ғимараттан қауіпсіздік мақсатында адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- 6 ақпанда сағат 15:50 шамасында Қ. Қайсенов, 55 көшесіндегі ғимаратта жарылғыш зат қойылағын туралы ақпарат келді. Қауіпсіздік мақсатында адамдар эвакуацияланып, тексеру жүргізілді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған мекенжайда азаматтық істер қаралатын Өскемен қалалық соты орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 14.18 шамасында  №11 мектеп-лицейінде «бомба» қойылғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу