Риддер ЖЭО-да тағы жарылыс болды
Риддердегі жылу электр орталығында тағы жырылыс болды. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оқиға 23 наурыз күні сағат 8.00 шамасында болған.
- Риддер ЖЭО №6 қазандық аймағындағы жанармай беру галереясында көмір шаңы жарылды. Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метр қоршау құрылымдарын қиратты, - дейді Энергетика министрлігінің хабарламасында.
Оқиға орнына Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің басшылығы шыққан.
- Комиссия құрамы бұйрыққа сәйкес оқиғаға тергеу жүргізеді. Комиссия құрамына Комитет пен Риддер ЖЭО өкілдері және техникалық сарапшы кірді, - делінген хабарламада.
Тексеру нәтижелері он жұмыс күні ішінде дайын болмақ.
Қазандықтарға көмір беру сағат 13:00-де қалпына келтірілді. Жылу желісінің температурасы – 70/46 градус графикте 45/35 градус.
- Қазіргі уақытта ЖЭО-да алты қазандықтың екеуі жұмыс істеп тұр, қалған қазандықтарда ақауларды жою бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде, — деп толықтырды Энергетика министрлігі.
Оқи отырыңыз