KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 3 м/с, СБ
482.86 533.17 5.08

Уылдырық шашу кезеңінде балық аулағандар ұсталды – ШҚО

4.05.2023, 23:51 344 Ләззат Қанатқызы

27 сәуір күні сағат 22.16 шамасында Бұқтырма су қоймасы «Крынкина» телімінде заңсыз балық аулаған азамат ұсталды.

Көкпекті балық инспекциясы қызметкерлері, Көкпекті табиғат қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері, «Охотзоопром» қызметкерлері және ТОО «Төретоғам» қорықшылары кезекті рейд жүргізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұқтырма су қоймасы «Крынкина» телімінде «ВАЗ» 2121 автокөлігін тізгіндеген Үлгілімалшы ауылының тұрғыны тоқтатылды. Тексеру барысында автокөлік салонында «Тахацу-18» аспалы моторы және балық уылдырық шашу кезеңінде заңсыз ауланған 4 қап әртүрлі балықтар табылған.

Күдіктіден жалпы салмағы 185,15 кг балық, оның ішінде: 105 кг табан, 1,85 кг шортан, 78,3 кг мөңке табылды. Балық қорына келген залал – 391 876 теңге. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 335-бабы, 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Аталған баптың санкциясы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз аулағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзiмге айыра отырып, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуды, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив