KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
448.56 478.03 4.79

Құтқарушылар жолда қалғандарға көмекке келді - ШҚО

14.11.2022, 09:38 268 Ләззат Қанатқызы

Құтқарушылар қолайсыз ауа райында жолда қалған "Ниссан-Патрол" автокөлігінің жүргізушісі мен әйелін құтқарды.

Олар қарлы күні жолға шығып, Глубокое ауданына қарасты "Авиатор" саяжай қоғамында қалып қойған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жолаушылар бірден «112» арнасына хабарласып, көмек сұраған.

- Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасаған қызметкерлері 2 адам мен итті эвакуациялап, тазартылған жол учаскесіне дейін жеткізді. Бұған дейін қар мен жел екпіні туралы тұрғындарға ескерту жасалған болатын. Тұрғындардан ауа райына байланысты ескерту алған күндері алыс жолға шығудан бас тартуға кеңес береміз. Егер төтенше жағдайға тап болсаңыз 112 нөміріне хабарласуға болады, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив