KZ
Өскемен
+4°
переменная облачность жел 7 м/с, ОШ
447.89 476.78 4.79

Алтай ауданындағы жалғыз ардагер өз үйінде дауыс берді

20.11.2022, 17:00 373 Ләззат Қанатқызы

Алтай аудында үнемі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ерекшет құрмет көрсетіледі.

Бүгінде өз таңдауын жасау үшін аудандағы жалғыз ардагер Василий Рудометовтің үйіне учаскенің комиссия мүшесі мен бақылаушысы сайлау жәшігін алып барды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

- Қазір барлығымыз бір мемлекетте,  достық пен келісім салтанат құрған елде өмір сүріп жатырмыз. Біз, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, осындай ауыр оқиғаларға қатысып, қан майданның куәгерлері атандық. Ал сіздер бейбіт заманда өмір сүріп жатырсыздар, сіздер бақыттысыздар, - деді ардагер.

Василий Рудометов - Алтай ауданындағы жалғыз майдангер. Өте қарапайым, маұтау мен марапатты ұнатпайтын адам. Ол үнемі өзі туралы: "Мен өз міндетімді орындап, басқалар сияқты Отанымды қорғауға ат салыстым” - деп айтып отырады.

Ардагер II дәрежелі Ұлы Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және Жуков орденімен, "Жауынгерлік еңбегі үшін" және "Жапонияны жеңгені үшін" медальдарымен, мерейтойлық наградалармен марапатталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив