KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
448.89 477.93 4.76

Өскеменде ұйымдастырылған селфи-акцияның жеңімпаздары анықталды

20.11.2022, 22:08 415 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында ұйымдастырылған "Мен дауыс беремін"селфи – акциясының жеңімпазы анықталды.

Акцияның бас жүлдесін ала тұрғыны Любовь Шарипова жеңіп алып, IPhone 13 телефонының иегері атанды. Жеңімпаз өзінің көпұлтты отбасы мүшелерімен бірге сайлау учаскесіндегі баннер фонында суретке түскен, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Таңертеңнен бері түсірілген фото суреттер іріктеліп, байқау қорытындысын тәуелсіз комиссия мүшелері қорытындылады.

"Тату отбасы" номинациясы бойынша Бибігүл Қабышева (bibigul_kabisheva) жеңімпаз атанды. Ол №2 орта мектептің №102 сайлау учаскесінде дауыс беріп, жұбайымен және төрт баласымен бірге өзінің тамаша тату отбасының суретін жүктеген.

 

Селфи-акцияны ұйымдастырушылар қала тұрғындарына байқауға қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив