KZ
Өскемен
+19°
небольшой дождь жел 3 м/с, В
474.09 514.01 5.48

Өскеменде сайлауға келгендерге бір тонна бауырсақ таратылды

20.11.2022, 11:46 366 Мадина Амангелдіқызы

Бүгін сайлау учаскелеріне келген Өскемен тұрғындарына бір тонна бауырсақ таратылды.

20 қараша күні таңертең сайлауға барған көптеген өскемендіктерді жағымды тосын сый күтіп тұрды, депр хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Сайлау учаскелерінде ұлттық тағам тегін таратылды. Өскемен қаласының тұрғыны Анна өз әсерімен бөлісті.

Өйткені, бауырсақ - бұл да белгілі бір дәрежеде біздің еліміздің символы. Сайлау, демократия, тәуелсіздік те біздің символымыз. Демек, өз дәстүрлері бар еркін ел болып шығады. Айтпақшы, өте дәмді! - деді сайлаушы.


Сондай-ақ бұл күні қала кәсіпкерлері 112 сайлау учаскесінде тегін тағам беруді ұйымдастырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив