KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, З
442.84 480.97 5

Сайлау учаскесінде азық-түлік саудасы ұйымдастырылды - Өскемен

20.11.2022, 12:15 284 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменнің сайлау учаскелерінде төмендетілген бағамен азық-түлік саудасы ұйымдастырылды. 

Өскемен кәсіпкерлері сайлау учаскелерінде сауда-саттық ұйымдастырды. Облыс орталығының тұрғындары азаматтық борыштарын өтеп қана қоймай,  қант, ұн, күріш, қарақұмық, макарон және басқа да өнімдерді төмендетілген бағамен сатып ала алады, деп хабарлайды Altaynews.kz.

20 қараша күні таңертең сайлауға барған көптеген өскемендіктерді жағымды тосын сый күтіп тұрды.

Бұл керемет идея! Демалыс күні борандатып дүкенге  барудың қажеті жоқ, өте ыңғайлы. Дауыс беріп, осы жерден азық-түлік сатып алдым,-дейді Өскемен қаласының тұрғыны Виктория.

 

Айтулы күні  қала кәсіпкерлері сауда-саттықты 112 сайлау учаскесінде ұйымдастырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив