KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
448.89 477.93 4.76

Қариялар өздері келіп дауыс беріп жатыр – Өскемен

19.03.2023, 11:55 281 Қызырбек Дүргінбайұлы

Өскемен қалалық №7 мектепте орналасқан №96, 100 сайлау учаскелерінде қала тұрғындары өз таңдауларын жасап, дауыс беріп жатыр. Таңнан бері сайлауға келген жұрттың арасында жас та кәрі де бар.

Аталған сайлау учаскесі қызметкерлерінің айтуынша 80 жастан асқан үш қария өздері келіп дауыс беріп, таңдауын жасап кеткен. Сайлауға келушілердің арасында жастардан қарағанда орта буын өкілдері белсенді көрінеді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Бұл мектепте орналасқан №100 сайлау учаскесі бойынша 2037 адам дауыс беру керек. Алғашқы екі сағат ішінде 230 адам дауыс беріп үлгерген екен.

№96 сайлау учаскесінің сайлаушылары да саяси додадан қалыс қалмаған.

– Біздің №96 сайлау учаскесі бойынша 1734 адам дауыс беру керек болған. Қазіргі уақытта соның 201 адамы дауыс беруге келіп, өз таңдауларын жасады. Олардың арасында жасы 80-нен асқан үш қария бар. Жалпы осы районда 80 жастан асқан 30-дан аса адам бар екен. Олардың көбі келе алмайтын болғандықтан үйден дауыс береді. Жалпы сайлаушылар белсенділік танытып, саяси науқан жақсы жүріп жатыр деуге болады, – дейді, №96 учаскенің басшысы Ботакөз Биткенбаева.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив