KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
443.72 482.28 4.9

Өскеменде ғасыр жасаған әже дауыс берді

19.03.2023, 13:46 192 Ләззат Қанатқызы

Бүгін елімізде өтіп жатқан ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына шығысқазақстандықтар белсенді түрде қатысуда.

Саяси науқанда 100 жастағы қала тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Анастасия Павловна Светочева да өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ардагер денсаулық жағдайына байланысты үйінде дауыс берді.

Анастасия Павловна бұрын сайлау комиссиясында болған көрінеді.

- Сайлауға әр тұрғынның дауысы маңызды, сондықтан барлығы белсенді түрде қатысуы керек. Себебі, біздің болашағымыз таңдауымызға тікелей байланысты болмақ. Бізге таңдауға мүмкіндік беріледі, ол әр азамат өз құқығын пайдалануға міндетті, - дейді ол.

Анастасия Светочева күн сайын барлық жаңалықтарды мұқият қадағалап отыруға тырысады. Ол өзіміз өмір сүріп жатқан елдің болашағына бей-жай қарай алмайтынын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив