KZ
Өскемен
+12°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
457.98 490.86 5.26

Дауыс беру процессі жіті қадағаланды – тәуелсіз сарапшы

20.03.2023, 18:00 4 926 Оразай Жеңісұлы

19 наурызда елімізде Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау болғаны белгілі.

Шығыс Қазақстан облысында сайлаушылардың 64%-дан астамы бюллетень алды. Жалпы сарапшылар жергілікті халықтың белсенділігін жоғары бағалады. Осы орайда сайлау учаскелерінде жұмыс істеген бақылаушылардың пікірін ұсынуды жөн көрдік, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыс орталығындағы №122 сайлау учаскесінде болған Руфит Ахмедзянов бақылаушылардың табандылықпен жұмыс істегенін айтады.

«Барлық бақылаушылар оқудан өткен, өз ісін білетін мамандар болды. Әркім өз міндетін бар ынтасымен атқарды деп айта аламын. Төзімділік танытып, дауыс беру кезінде барынша қырағы болдық. Құқықбұзушылықтардың алдын алуға тырыстық. Қандай да бір келеңсіздік бола қалса, бақылаушылар акті толтырды. Жалпы сайлау өз деңгейінде өтті», - дейді «Дауыс» коалициясының тәуелсіз бақылаушысы Руфит Ахмедзянов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив