KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2 м/с, В
464.72 496.32 5.4

ШҚО полицейлері ҚР чемпионатында жүлдегер атанды

2.03.2023, 14:58 263 Ләззат Қанатқызы

14-19 ақпаны аралығында Ақмола облысы Щучинск қаласында ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан ҚР чемпионаты өтті.
Аталған жарыста облыстардың және күштік құрылымдардың 450 спортшыдан тұратын 26 командасы бақ сынасты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жарыс қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесіндегі көшбасшылар анықталды. Үздіктер қатарынан шығысқазақстандықтар да көрінген.

- Турнирде өз шеберліктерін көрсете отырып, әскери қоян-қолтық ұрыстан 88 келі салмақ дәрежесінде 3 орынға Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ командирінің орынбасары полиция капитаны Бейбіт Хамидуллин ие болды, ал қоян-қолтық ұрыстан дәл осы салмақта оқу жаттығу взводының аға инспекторы полиция майоры Айбек Саметаев 3 орынға ие болып, қола медаль жеңіп алды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.


Айта кету керек, Бейбіт пен Айбек осы уақытқа дейін бірнеше рет республикалық және халықаралық жарыстарда үздік атанған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив