KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
443.72 482.28 4.9

Еуро-2024: Ұлттық құрама Словенияға есе жіберді

24.03.2023, 10:48 207 Оразай Жеңісұлы

Футболдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін Словенияға қарсы матчпен бастады.

Н тобындағы алғашқы тур матчындағы ойын «Астана Аренада» өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ойынның 24-минутында Қазақстан құрамасы алға шықты. Максим Самородов сол қанаттан әуелеген допты голға айналдырды. Осы голдың арқасында қазақстандықтар үзіліске жеңімпаз ретінде кетті.

Бірақ екінші таймда бәрі өзгерді. 47-минутта Давид Брекало таразы басын теңестірді. Ал 78-минутта Зан Випотник словениялықтардың екінші голын соқты.

Өкінішке қарай, ойынның соңына дейін алаң иелері есепті теңестіре алмады. 1:2 – Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеуін жеңіліспен бастады.

Енді қазақстандықтар 26 наурызда өз алаңында Данияны қабылдайды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив