KZ
Өскемен
+27°
пасмурно жел 5,2 м/с, СБ
465.28 499.2 5.33

Үш боксшымыз Әлем чемпионатының финалына шықты

12.05.2023, 19:00 1 112 Оразай Жеңісұлы

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

67 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан отандасымыз жартылай финалда Грузия елінен келген Лаша Грулиден айласын асырды.

Дулат тәжірибелі боксшыға қарсы шебер жұдырықтасты. Қорғанатын сәтте қорғанып, шабуылдайтын тұсын оңтайлы пайдалана білді. Жаттықтырушылардың ақыл-кеңесін де ұмытпай, сәтті жүзеге асырды. Нәтижесінде 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Санжар Тәшкенбай (-48 келі) мен Махмұд Сабырхан (-54 келі) финалға шыққан болатын. Кешкі сессияда команда капитаны Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай шаршы алаңға шығады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив