KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
442.85 480.32 4.94

Самбо күресінен өткен әлемдік додадан жерлестеріміз жүлделі оралды

Тілеубек Шаяхметтің суреті

14.09.2023, 11:19 243 ALTAINEWS

Елімізде 8-10 қыркүйек арасында самбо күресінен спорт шеберлері арасында өткен әлем чемпионаты аяқталды.

Әлемдік додаға 9 жерлесіміз қатысып, 4 спортшы жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Орал қаласында өткен әлем чемпионатына 25 мемлекеттен спорт шеберлері жиналды. Әлемдік жарыста командалық есепте Ресейлік спортшылар бірінші орынды иеленсе, еліміздің палуандары екінші орынға жайғасты.

Аталмыш сайыста 71 келі салмақ дәрежесі бойынша күміс медальді шығыс өңірінің тумасы Әзілхан Ахмадиев қанжығасына байлады. Ардагер спортшыны жерлестері құрметпен қарсы алып, сый-сияпатын көрсетті.

- Орал қаласында өткен әлем чемпионатына Намыс жауынгерлік клубының лицензиясымен қатыстық. Жарыс өте жақсы әрі тартысты өтті. Облыстан қатысқан спортшылардың басым бөлігі жүлдегер атанды. Қарсыластардың барлығы мықты, әлем чемпиондары екен. Маған өзіміздің өлкенің табиғаты мен таза өнімі көмектесті деп ойлаймын. Жарысқа дайындығымды тауда жасадым. Нәтижесі жаман емес. Мені осылай қошеметпен қарсы алып жатқан жерлестеріме алғысым шексіз, -дейді самбо күресінің шебері Әзілхан Ахмадиев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив