KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
519.51 611.83 6.6

Қыстың бірінші күні боран болуы мүмкін - ШҚО

30.11.2022, 15:51 1 334 Ләззат Қанатқызы

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 1 желтоқсан күні күндіз  облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын жел болуы мүмкін.

Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында соққан жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Тұрғындарға өте сақ болу керектігін ескертеміз. Елді мекендерден тыс жерлерге шыққан кезде автожолдардың жай-күйін қадағалаңыз. Жүргізушілер жылдамдық пен қашықтықты қатаң сақтауы керек. Автожолдардың жай-күйі, дауылды ескертулер туралы ақпаратты «Дәрмен» тегін ұялы қосымшасын жүктеу арқылы біле аласыз, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде  «112»  нөміріне қоңырау шалыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу