KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 3 м/с, З
504.49 587.73 6.57

Бүгін түнде үсік жүруі мүмкін – ШҚО

18.08.2022, 09:35 374

«Қазгидромет» РМК-сы тамыздың 18-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

-        Ауқымды Солтүстік Батыс антициклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Сонымен қатар температуралық фон ақырындап төмендей береді. Фронталды бөліктерге байланысты республикамыздың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, - дейді синоптиктер.

Түнде ШҚО-ның солтүстігінде тұман болжанады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с артады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, шығысында 2 градус үсік жүреді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу