KZ
Өскемен
+26°
пасмурно жел 1 м/с, С
475.03 517.21 5.44

ШҚО-да заңсыз еңбек еткен 30-дан астам адам ұсталды

4.09.2023, 12:53 246 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазір облыс аумағында  "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  "Профилактикалық шара аясында облыс орталығында жеке үй салумен айналысқан Өзбекстанның 21 азаматы мен Тәжікстанның 13 азаматы анықталды. Олар ҚР ӘҚБтК 5-бөлімінің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды",  - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Заңсыз мигранттарды жұмысқа қабылдаған алты жұмыс берушіге де 100 мың теңгеден астам мөлшерде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- ҚР-да уақытша болатын шетелдік азаматтардың уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметіне тыйым салынады, - деді ШҚО ПД көші-қон қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив