KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.37 532.94 5.09

Қазақстанға заңсыз әкелінген iPhone 15 телефондары анықталды

Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

29.09.2023, 12:14 192 Ләззат Қанатқызы

Алматы халықаралық әуежайында iPhone 15 ұялы телефондары контрабандасының жолы кесілді. 

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім еткендей,22 қыркүйек күні «Дубай-Алматы» рейсін кедендік бақылау кезінде жеке тұлғадан декларацияланбаған iPhone 15 телефонының 34 данасы табылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Олардың алдын ала есептелген кедендік құны – 25,3 млн теңге. Ал мемлекетке келтірілген шығын 3,1 млн теңгені құрайды.

Мемлекеттік кірістер комитетінен еске салып өткендей, ұялы телефондар жеке тауарлар санатына жатады және жеке тұлғалар оны кедендік шекара арқылы өткізген кезде олардың саны бір адамға екі бірліктен аспауы тиіс (ҚР ҚМ 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығы).

- Тәркіленген тауарлар кедендік рәсімдеуден өту және рұқсат құжаттарын жасату үшін уақытша сақтау қоймасына жіберілді. Ұялы телефондарды декларациялаусыз әкелуге әрекет жасаған адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 551-бабының 1-бөлігіне сәйкес 103 500 теңге (30 АЕК) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады, - делінген баспасөз хабарламасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив