KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 4 м/с, З
530.47 613.75 6.56

Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ШҚО-да ұсталды

Фото: El.kz

30.09.2023, 09:44 315 Ләззат Қанатқызы

Шығысқазақстандық полиция қызметкерлері ауыр қылмысы үшін халықаралық іздеу жарияланған Өзбекстан азаматын қолға түсірді.

Күдікті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Өскемендегі жалдамалы пәтерлердің бірінде ұсталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

39 жастағы өзбекстандық бір жылдан астам уақыт бойы ірі көлемде мүлік ұрлағаны үшін халықаралық іздеуде болған көрінеді.

- Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзбекстан Республикасындағы әріптестерімізге қылмыскердің орналасқан жері туралы хабарлама жіберілді, – деді ШҚО ПД бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков.

Айта кетейік, жыл басынан бері ШҚО ПД қызметкерлері осындай 80-нен астам қылмыскерді ұстаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу