KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
451.03 487.47 4.94

ШҚО-да пәтер алмақ болған тұрғын алаяққа алданып қалды

Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

29.11.2023, 17:20 80 Ләззат Қанатқызы

Өскемендік тұрғын мемлекеттік бағдарламамен пәтер алмақ болып, алаяққа алданып қалды.

24 жастағы қала тұрғыны үй алуға көмектеспек болған досына кепіл ретінде 7 миллион теңге ақша берген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Арада сегіз ай өтсе де ақшаны иемденген «досы» уәдесін орындай алмай қалған көрінеді.

 Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция 22 жастағы күдіктіні анықтап, қолға түсірді.

- Күдікті өз әрекетін мойындады. Оған қатысты“келу туралы міндеттеме”  түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190 - бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив