KZ
Өскемен
+27°
пасмурно жел 5,2 м/с, СБ
465.28 499.2 5.33

Табиғатқа залалсыз пластик

2.05.2023, 21:30 1 363 Оразай Жеңісұлы

Үндістандық компания қоршаған ортаға зиянсыз пластик түрін жасап шығарды. Аталмыш материал табиғатты қорғауда әсіресе теңіз суларын қоқыстанудан сақтайды деп күтілуде.
Қазір әлемді алаңдатып отырған басты мәселелердің бірі қоршаған ортаның ластануы болып отыр. Соның ішінде мұхиттардың қоқысқа толуы ондағы тіршілік иелерінің зардап шегуіне әкеп соғуда. Табиғат сақшылары пластиктердің табиғат құшағында өздігінен жойылмайтынын ескертіп, қанша дабыл қаққанымен көбісі ескере бермейді. Соның салдарынан табиғат жапа шегуде. БҰҰ мәліметі бойынша, мұхиттардың ластануының 90%-ы синтетикалық қалдықтардан болады. 
Аталмыш мәселені шешу үшін ғалымдар барын салған. Нәтижесінде, табиғатқа залалсыз пластиктің жаңа түрін ойлап тапқан. Айтуларынша, оған кәдімгі пластикке қарағанда әлдеқайда аз шығын кетеді. Себебі оған керекті материалды теңіздің өз қойнауынан алады. Су астында өсетін балдырлардан жасалатын пластиктің тигізер пайдасы мол. Бұл өнім табиғатқа зиян келтірмейді. Оны суға немесе жерге тастағанның өзінде екі жыл ішінде өздігінен еріп, жоғалып кетеді. Бәлкім, біреуге екі жыл өте ұзақ мерзім болып көрінер, бірақ кәдімгі күнделікті өмірде өзіміз қолданып жүрген пластик бөтелкелердің сақталу мерзімімен салыстырсақ, онда бұл уақыт өте жоғары көрсеткіш болмақ.
Табиғат құшағында тез ыдырайтын биоматериалды жасауда индиялық Zerocircle компанияcы көш бастап тұр. Мұнда өндірілген балдырдан жасалған пластиктерді суға салғанда еру процесі басқалардан жылдам жүреді. Сонымен қатар тағам өндірісінде де аталмыш материалдың адам ағзасына тигізер зияны жоқ. Қазіргі таңда қоршаған ортаға зиянды пластиктерді алмастыратын биоматериалды өндіру қарқын алған. Ол үшін арнайы зауыттар салынып, өндіріс ауқымы кеңейтілуде.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив