KZ
Өскемен
-14°
небольшой снег жел 1,4 м/с, Ю
451.03 487.47 4.94

Defender – таза судың кепілі

7.08.2023, 19:30 3 151 Оразай Жеңісұлы

Норвегиялық vitaloop стартапы Defender атты су құюға арналған бөтелкені ұсынды. Оның басты ерекшелігі  суды зиянды бактериялардан 99%-ға тазартуында. 

Жаңа өнім Nanoflow бес сатылы мультифильтрация жүйесіне негізделген. Оның негізгі бөлігі бактериялар мен паразиттерді сұрыптап, галоген негізіндегі вирустарды жойса, арнайы белсендірілген көмір торы бар екінші бөлігі ауыр металдар мен химиялық заттарды жояды. Ал бөтелкеде орналасқан "революциялық" графен сүзгісі су бойындағы қажетсіз заттарды 99,99%-ға залалсыздандырады. 

Defender-дің көмегімен кез келген су көзінен таза су ала аласыз. Табиғатта болсаңыз, өзендер мен арықтардағы суды, ал қалада болсаңыз, кәдімгі фонтандағы суды да іше аласыз. Ол үшін бөтелкені толтырып, су тазарту түймесін бассаңыз болғаны. Бар-жоғы 45 секундта ішер сусыныңызды дайындап береді. Ал судан бөлінген қалдықтар арнайы қалташаға түседі. Оны кез келген уақытта алып тазартуыңызға болады. 

Defender-дің қуаты да өте жақсы сақталады. Оның бір заряды шамамен 50 литр суды тазартуға жетеді. Ал фильтрін әр 200 литрден кейін ауыстырып отыру керек.

 Аталмыш бөтелке табиғат аясына серуендегенді ұнататындар үшін таптырмас құрал. Себебі жабайы табиғатта таза су мен бұлақ әрдайым табыла бермейді. Ал қасыңда Defender бөтелкесі болса, маңызды мәселеңнің бірі шешілді деген сөз.

Ынтымақ Толқын

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив