KZ
Өскемен
-15°
туман жел 3,1 м/с, В
451.03 487.47 4.94

Алмасбек Мәуліт: Әрбір жетістік қиындықтар арқылы келеді

18.09.2023, 14:46 2 293 Ләззат Қанатқызы

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздегі маңызды проблемалардың бірі су тапшылығы мәселесі екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол суды үнемдеу технологияларын қолға алуды тапсырған болатын. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Сандық технологиялар және үлгілеу зертханасының аға ғылыми қызыметкері Алмасбек Мәулітұлы бұл мәселені 2021 жылы қолға алған көрінеді. Қазіргі таңда ол суды және химиялық тыңайтқыштар пайдалануды азайтатын арнайы жобаны жүзеге асыруда. 

- Қай жасыңыздан бастап еңбекке араластыңыз?

Жұмыс өтілімді 2017 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің  Сандық технологиялар бөлімінде инженер болып бастадым. Қазіргі күні аталған университеттің аға ғылыми қызметкерімін. Ауыл шаруашылығына ықпал ететін бірқатар жобаларды жүзеге асырып жатырмыз.

- Мамандығыныңыз туралы толығырақ айта кетсеңіз?

Қазір біз егін шаруашылығына сандық технологияларды бейімдеумен айлысамыз, дәлме-дәл егін шаруашылығы деп аталады.  Дәлме-дәл ауыл шаруашылығы дегеніміз - сенсорларды, датчиктерді және деректерді жинаудың озық жүйелерін пайдалануға негізделген тәсіл. Фермерлер топырақ жағдайын, климаттық жағдайларды және басқа факторларды үздіксіз бақылайтын датчиктерді өз егістіктеріне орната алады. Бұл деректер ақпаратты өңдеу орталығына беріліп, онда маңызды шешімдер қабылдауға негіз болады. Дегенмен, дәлме-дәл ауыл шаруашылығы деректер жинаумен ғана шектелмейді. Ол сонымен қатар автономды көліктер мен ұшқышсыз ұшақтарды пайдалануды қамтиды. Бұл технологиялар фермерлерге тыңайтқыштар мен пестицидтерді дәл енгізуге мүмкіндік береді, ресурстарды және қоршаған ортаға әсерін барынша азайтады.

- Дәлме-дәл егін шаруашылығымен қашаннан бастап айналыса бастадыңыз?

Сандық технологиялар және үлгілеу зертханасы 2018 жылы алғаш ашқаннан бастап осы бағыттағы жұмысқа қызығушылығым арта түсті. Ол кездері тура осы дәлме-дәл егін шаруашылығымен айналыспасақта, жасанды интелектің басқа бағыттарында жұмыс атқардық. Осы бағыттағы қарқынды жұмыстар 2021 жылы ҚР жоғарғы білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік бюджеттегі гранттық жобасын ұтып алғаннан басталды. Жобаны Алтай Мемлекеттік университеті (Ресей Федерациясы, Барнаул қ.) және  «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ғалымдарымен бірлесе отырып жасаудамыз. Жобаның тақырыбы «Дәлме-дәл егіншілік технологияларына  негізделген агротехнологиялық шешімдерді қабылдауды зерттеу және оны қолдау әдістерін әзірлеу» деп аталады.

- Ғылыми мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?

Осы бағыт бойынша жұмыс істеуімнің себебі - дәлме-дәл егіншілік тұрақты ауыл шаруашылығына ықпал етеді. Біз суды және химиялық тыңайтқыштарды пайдалануды азайта аламыз. Бұл қоршаған ортаға оң әсер етеді және табиғатқа кері әсерін азайтады.

- Студенттер мен жас мамандарға қандай ақыл-кеңес айтар едіңіз?

Ешқашан білім алуды, дамуды тоқтатпау керек. Түрлі курстарға, шеберлік сабақтарға барып, кәсіби кітаптар оқыңыздар. Бір салада, яғни өз мамандығыңызбен ғана емес, одан тыс бағыттарда өсуге тырысса екен. Топта жұмыс істеуге, басқалардың пікірін құрметтеуге, жауапкершілікті бөлісуге және ортақ мақсаттарға бірлесіп жетуду үйреніңіздер. Әрбір жетістік қиындықтар арқылы келеді, ең бастысы дамуға деген ұмтылысыңыз бен еңбекқорлығыңызды жоғалтып алмаңыз!

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив