KZ
Өскемен
-15°
туман жел 3,1 м/с, В
451.03 487.47 4.94

Қағаздан жұқа күн панелі

17.11.2023, 15:08 1 337 Оразай Жеңісұлы

Массачусетс технологиялық институтының инженерлері кез-келген бетті энергия көзіне тез және оңай айналдыратын ультра жеңіл күн батареяларын жасап шығарған. Қағаздан да жұқа жаңа технология сынақтан сәтті өткен.

Күн панельдері өте берік әрі жеңіл матаға арнайы желімнің көмегімен жабыстырылған. Оны кез келген жерге орнатуға мүмкіндік бар. Тіпті, киімге де жабыстырып қоюға болады. Күн қуатын жинайтын құрылғы кәдімгі панельдерге қарағанда 100 есе жеңіл, әрі электр қуатын өндіру жағынан да әлдеқайда озық. Мұның бәрін инженерлердің жүргізген сынақтары дәлелдеп отыр.

Күн батареясына беріктік беру үшін Dyneema деп аталатын мата қолданылған. Бұл өте берік материалдардың бірі. Оның дәлелі Жерорта теңізінің түбіне кеткен Costa Concordia круиздік кемесін көтеру үшін қолданылған арқандар осы матаның материалынан жасалған. Күн батареялары мата парақтарына бірнеше микрон қабаты бар ультракүлгін сәулеленудің беріктігін арттыратын арнайы желім арқылы бекітіледі. Нәтижесінде өте жеңіл және механикалық берік құрылым пайда болады.

Күн панелінің қауты да өте жоғары. Сынақ нәтижесі оның Dyneema матасына орнатылмас бұрын бір килограмға 730 ватт, ал матмен бірге бір килограмға 370 ватт энергия бере алатынын көрсеткен.  Бұл кәдімгі күн панельдеріне қарағанда бір килограмға шамамен 18 есе көп.

Құрылғының жарамдылығы да сынақтан сүрінбеген. Жіңішке материал тез үзіледі десеңіз қателесесіз. Сынақ барысында күн панельдерін 500 мәртеден аса бұрап, майыстырып, қайта тексергенде матадағы элементтер электр қуатын өндіру мүмкіндігінің 90%-дан астамын сақтап қалған.

Инженерлердің айтуынша жаңа технология сапа жағынан да, қуат жағынан да тиімділігін дәлелдеген.

Ынтымақ Толқын

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив