KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 2 м/с, В
541.01 640.34 6.52

Шығыс Қазақстанның тәжірибесін өзге аймақтар да қабылдауы керек

Фото: ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі

3.06.2023, 16:24 4 920

Өңірдің дәрігерлерді шетелде оқыту тәжірибесін еліміздің басқа облыстары да қабылдауы керек. Мұндай пікірді Шығыс Қазақстанға сапары кезінде ел Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов айтты.

Ол біздің облыс денсаулық сақтау саласындағы көптеген көрсеткіштер бойынша басқа өңірлерді басып озатынын атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.  

– Шетелде медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың көпжылдық бағдарламасы қазірдің өзінде нәтиже беріп отыр. Шығыстан басталған бұл тәжірибені еліміздің басқа өңірлерінде де қолдану қажет, – деді Алтай Көлгінов.

Облыстың дамуына қатысты кеңес барысында ол ШҚО-да онкологиялық және кардиологиялық аурулардан болатын өлім-жітім азайғанын айтты.

Ал неоплазмаларды ерте анықтаудың көрсеткіш пайызы өскен. Сондай-ақ нәресте өлімінің саны да азайды. Ағымдағы жылдың бес айында аймақта ана өлімі де тіркелмеген.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу