Көпбалалы отбасылар тұрғын үйімен қамтамасыз етілуде - Сайрангүл Жұмаділова
AMANAT партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Сайрангүл Жұмаділова:
- Даниал Кенжетайұлы бүгінгі күнге дейін өңірдегі талай түйткілді мәселелерді уақытылы шешіп, халықтың жүрегінен орын ала білген білікті басшы десек артық айтқандық болмас.
Ол кісінің жетекшілігімен өңірімізде талай жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы: "Бір қабатты Шығыс" тұрғын үй бағдарламасы аймақ тұрғындары арасында үлкен қолдауға ие.Осы бағдарламаның көмегімен ғана аймақтағы көпбалалы отбасылар тұрғын үйімен қамтамасыз етілуде.
"Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша қазір өңірде 126 үй салынуда, ШҚО ауылдарында көпбалалы отбасылар үшін тағы 58 үй салынуда.
Өңірде жеке тұрғын үй құрылысына және ол үшін инфрақұрылымға баса назар аударуы өңір басшысының бірден бір оң шешімі екенін атап өту қажет.
Сонымен қатар, Даниал Кенжетайұлы өңірді басқарып отырған уақыт ішінде бізде денсаулық сақтау жүйесі түбегейлі өзгерді. Біріншіден, жаңа бірегей медициналық мекемелер пайда болды - трансплантология орталығы, роботтық хирургия орталығы, гематологиялық орталық салынуда. Екіншіден, бұған дейін бар ауруханалар ең жаңа және ең заманауи техникамен жабдықталды, ең алдымен бұл онкологиялық диспансерге қатысты. Қазір біздің отандастарымыздың өмірін сақтап қалатын жабдыққа миллиардтаған теңге салынды. Даниал Кенжетайұлының қолдауының арқасында ШҚО-да дәрігерлер мен орта медициналық персоналды әлемнің үздік клиникаларына оқуға жібере бастады. Бұл бастама басқа өңірлерге үлгі деуге болады. Қазір аудандық және ауылдық медицинаға үлкен көңіл бөлінуде, екі инсульт орталығы ашылды, босандыру жүйесі реформалануда, ауылдық елді мекендерде 36 медициналық мекеме салынады.
Өңіріміздің дамуы үшін атқарып жатқан жұмыстары өз жалғасын табады деп сенемін. Шығыс Қазақстан облысы қуатты да, шуақты өлкеге айналып, асқақтап дамуы үшін бірлесе жұмыс атқара берейік.

Оқи отырыңыз