KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 7 м/с, Ю
447.89 476.78 4.79

Зайсан: Ауылдар интернетпен қамтыла ма?

28.03.2023, 16:28 305 Ләззат Қанатқызы

Биыл Зайсан ауданындағы 3 ауылда үшін антенна-діңгек құрылымы орнатылмақ.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Зайсан ауданының әкімі Қажанов Дулат айтып берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әлеуметтік желіде шалғай ауыл тұрғындары интернет мәселесін жиі көтеретіні жасырын емес. Аудан әкімінің сөзіне сенсек, қазір ауылдардағы жағдай біртіндеп тұрақталып келе жатқан көрнеді.

- Зайсан ауданында интернетпен қамту 69,7 пайызды құрайды. 33 елді мекеннің Зайсан қаласына және 10 ауылдық елді мекенде интернет жылдамдығы қажетті параметрлерге сәйкес келеді. Қалған 22 ауылдық елді мекендерде интернет жылдамдығын жақсарту бойынша жұмыстар істелінетін болады, - деді Дулат Зайсанбекұлы.

Сондай-ақ ол биыл Жаңатұрмыс, Шілікті, Тасбастау ауылдық елді мекендерінің байланысын жақсарту үшін антенна-діңгек құрылымы орнатылатынын да атап өтті.

- 2022 жылдың қараша-желтоқсан айларында интернеті төмен Айнабұлақ, Сарыжыра, Жарсу, Бақасу ауылдарында «Қазақтелеком» ЖШС жеке компаниялармен келіссөз жүргізіп, интернеттің күшін біршама көтерген болатын, ауылдардағы жағдай тұрақталып келеді,- дейді аудан әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив