KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 3 м/с, В
474.09 514.01 5.48

Риддерлік тұрғындар жаз бойы ыстық сусыз отыруы мүмкін

11.05.2023, 15:21 340 Ләззат Қанатқызы

Риддер қаласында тұрғындар жаз бойы ыстық сусыз отырады.

Жылу электр орталығына жөндеу жұмыстары жүргізілетіндіктен 10 мамырдан бастап су өшірілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 3 мамыр күні Риддерде жылыту маусымы аяқталып, желілерді жөндеуге даярлық жұмыстары басталатынын мәлімдеген болатынбыз.

Риддерде жылумен жабдықтау желілерінің 89 пайызы тозып кеткен.

  "Риддер жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары жүргізілетіндіктен 10 мамырдан бастап қала бойынша ыстық су өшірілді. Қазір жөндеу үшін даярлық жұмыстары басталып кетті. Жобалаушы ұйымдар ЖЭО-ға келіп, жөндеу жұмыстарына қажетті жобаларды әзірлеп жатыр", делінген ақпаратта.

Айта кету керек, жөндеу жұмыстары «Риддер ЖЭО» АҚ иелерінің емес, бюджет есебінен жүргізіледі. Қалада төтенше жағдай режімі әлі де сақталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив