KZ
Өскемен
+29°
переменная облачность жел 3 м/с, З
475.03 517.21 5.44

Глубокоелық ару Еуропа чемпионатынан жүлделі оралды

14.05.2023, 14:05 1 222 Ләззат Қанатқызы

6 мамырда Испанияның Сабадель қаласында Еуропа чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бәсекеде 24 мемлекеттен келген спортшылар бақ сынасты.

Айтулы додада Алтай қаласы мен Глубокое ауданының спортшыларынан құралған команда ел намысын қорғады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазақстаннан ШҚО ҚФКО директоры Шихан-Аксенов Дмитрий Николаевичтің жетекшілігімен Алтай қаласы мен Глубокое ауданының спортшыларынан құралған команда жасақталған болатын.

Глубокое ауданынан аттанған Саркисова Алина Еуропа чемпионатында жүлделі үшінші орынды иеленді.

  Ауданымыздың атынан Березовка ауылында Тулинанов Раифтың жетекшілігіндегі (қара белбеу 1 дан) – Кайтаку карате үйірмесінің мүшесі Саркисова Алина қатысты. Ол Испания мен Нидерландыдан келген қарсыласынан жеңіліп, жүлделі үшінші орынды қанжығасына байлады, дейді аудан әкімдігі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив