KZ
Өскемен
+25°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
451.77 485.97 5.07

Жол жөндеу жұмыстарына 500 миллион бөлінді – Алтай

Фото: tolqyn.kz

7.06.2023, 14:30 219 Ләззат Қанатқызы

Алтай ауданындағы жолдарды ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстарына 503 миллион теңге қарастырылып отыр.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жол жөндеу жұмыстары басталып кеткен, жоспарға сәйкес 30 тамызға дейін толықтай аяқталуы керек.

– Биыл инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Мәселен, аудандағы 75 жобаны іске асыруға 6,2 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Малеевск және Путинцево ауылдарында сумен жабдықтау желілерін салу бойынша екі инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін 950 миллион теңге қарастырылған. Сондай-ақ 11 ауылда 89 миллион теңгеге сумен жабдықтау нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізіледі, – деді Жанна Асқарова.

Спикердің айтуынша, аталған жөндеу жұмыстары 30 қыркүйекке дейін аяқталуы керек.

Сонымен қатар ағымдағы жылы 8 ауылда және Алтай және Серебрянск қалаларында балалар мен спорт алаңдарын жабдықтау және абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив