KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
448.56 478.03 4.79

Шағын аудандарды дамыту жұмыстары жалғасуда – Өскемен

31.01.2023, 10:48 268 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында шағын аудандарды дамыту жұмыстары жалғасуда.

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар биыл шағын аудандарда атқарылатын жұмыс жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, биыл Бабкина мельница шағын ауданында 300 орындық жаңа білім ордасы бой көтереді.

- Аблакетка ауданында атқарылатын жұмыстар аз емес. Биыл мұнда "Промбаза" аялдамасынан Геологическая көшесі, 2-ге дейін және Малдыбаев көшесінен №14 орта мектепке дейін екі тротуар пайда болады. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Геологическая көшесі, 2 мекенжайындағы аула абаттандырылады. Сондай-ақ, Промбаза ауданы мен Островский көшесі, 22/1-де жеке ойын алаңқайы салынбақ, - деді шаhар басшысы.

Ал, Согра шағын ауданының жолдарын жөндеге 50 миллион теңге бөлінген. Қала әкімінің айтуынша, қай көшелер жөнделетінін аудан тұрғындарымен кездесу барысында ақылдасып, шешпек.

Сонымен қатар, Фасадная көшесіндегі алаңда сквер және футбол алаңқайын орналастыру жоспарланған. Узбекская көшесіндегі жолдар мен  "Восточник-5", "Восточник-6", "Титан", "Металлург - 3" саяжайына апаратын жолдарға қиыршық тас төселетін болады.

- Жыланды кентінің жолдарын асфальттап, орташа жөндеуге 48 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ Молдағұлова 15/6-дан Бастау көшесіне дейін жарықтандыру желісі жүргізіледі. Үлбі кентінде Носиков, Плахутова, Айтықов көшелерін қиыршық таспен жөндеу, сондай-ақ балалар алаңын орнату жоспарланған, - деп атап өтті қала әкімі.

Меновное ауылындағы №53 автобус бағыты бойынша (Өскемен-Семей тас жолынан бастап "Радуга"бау — бақша серіктестігіне дейін) жол орташа жөндеуден өтеді. Жеңіс мемориалы жарықтандырылып, «Металлург - 6» бау-бақша серіктестігіне футбол алаңқайы орнатылды.

22 және 23 шағын аудандарға тоқталсақ,  Торайғыров пен Дробышев көшелерін асфальтталып, 23 шағын аудандағы Алдабергенов, Бостандық, Сумин көшелеріне грабли төсеу жоспарланған. Прудхоздағы жолдарды асфальттап,  жөндеуге 40 миллион теңге бөлінді.

- Мен Самсоновка ауылындағы ескі көпір мен Самсоновкаға апаратын жолды ағымдағы жөндеу қарастырылып, 40 миллион теңгеге асфальт төсеу жоспарланған. Сондай-ақ, жолдарға қиыршық тас төсеп, футбол алаңын орнату және Береговая, Шоссейная, Солнечная, Степная, 3-фонарь көшелерінде көшелерді жарықтандыру қарастырылған, - дейді Жақсылық Омар.

Сондай-ақ шаhар басшысы шағын аудандарды дамыту жұмыстары осымен тоқтап қалмайтынына барын салатынын жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив