KZ
Өскемен
+27°
пасмурно жел 4,7 м/с, СБ
465.28 499.2 5.33

Жаңа автобустар келесі аптада желіге шығады – Өскемен

8.02.2023, 14:44 400 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығындағы екі бірдей автопарк жаңа автобустармен толықты. Келесі аптадан бастап 20 жаңа қоғамдық көлік желіге шығатын болады.

Қала әкімдігін ағымдағы жылы 77 бірлік жаңа автобус сатып алынатынын мәлімдеген болатын, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.


Жылжымалы құрамды жаңарту бағдарламасы негізінен 5 жылға жоспарланған болатын. Осы уақыт аралығында 315 бірлік қоғамдық көлік жаңартылмақ.

  

- 5 жыл деген кейбір тұрғындар үшін өте ұзақ уақыт екенін түсінемін. Десе де, біз мүмкіндігімізге қарай бағдарламаны 3-4 жылдың ішінде аяқтауға барымызды саламыз. Қазір қалада 250-ге жуық автобус бар. Осы 1,5 жылдың ішінде біз жақсы нәтиже көрсетіп, 67 қоғамдық көлікті жаңартып үлгердік, -дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.


"Vosca" ЖШС мен "РОСТ" ЖШС жақында сатып алған автобустарда тұрғындар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалған. Балалардың немесе мүгедектер арбасын орналастыруға арналған арнайы орын, мен пандус орнатылған.  

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив