KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 1 м/с, СБ
451.38 487.22 5.14

ШҚО-да интернет-алаяқтыққа қарсы «Anti-fraud» шарасы өтіп жатыр

20.08.2020, 10:39 125

18-20 тамыз аралығында республика аумағында интернет-алаяқтыққа қарсы күрес бойынша шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында «Anti-fraud» (антифрод) жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Аталмыш күндер аралығында ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға, контрафактілік өнімді және еркін айналымда тыйым салынған, оның ішінде Интернет желісінде таралатын өнімдерді заңсыз дайындайтын, тираждайтын және тарататын адамдарды анықтауға бағытталған кешенді іс-шаралар өтеді.

- Шара басталғанға дейін көрсетілген құқық бұзушылықтарға қатысы бар адамдар және олардың қылмыстық әрекетін құжаттандыру туралы жедел ақпарат жинақтау қамтамасыз етіледі. Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтар бойынша ашылмаған қылмыстық істер зерделеніп, әр нақты іс бойынша оларды ашуға бағытталған жедел-іздестіру мен тергеу іс-шаралар кешені ұйымдастырылады, - дейді Өскемен-1 станциясындағы желілік полиция бөлімінде.

Шара барысында контрафактілік өнімді, порнографиялық, әсіресе кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған материалдарды, оның ішінде Интернет желісінде таратудың әрбір фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді сапалы жүргізу қамтамасыз етілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив