KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,3 м/с, ОШ
451.03 487.47 4.94

ШҚО-ның Алтай қаласына жаңа әкім тағайындалды

24.07.2020, 10:33 112

Бүгін Алтай ауданының мәслихатында Алтай қаласы әкімінің кезектен тыс сайлауы өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл лауазымға Қазақстан халқы Ассамблеясының ШҚО хатшылығының меңгерушісі қызметінде болған Жанна Асқарова тағайындалып отыр.

Жанна Асқарова 1971 жылы 20 қазанда Қарағанды облысында дүниеге келген. 1995 жылы ШҚМу-ды «химия пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдап, 2001 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.

Еңбек өтілі - 30 жыл. 14 жыл бойы Алтай ауданындағы мектептерде ұстаз болып қызмет етіп, 2009 жылы аудандық ішкі саясат бөліміне басшы болып тағайындалды. 2017-2019 жылдар аралығында Алтай ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив