KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 3 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Бұқтырмада қайық аударылып, жас жігіттер суға кетті

13.06.2020, 04:19 326

 ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасына екі жігіт батып кетті.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін таңертең құтқарушыларға Бұқтырма су қоймасында қайық аударылып, екі азаматтың батып бара жатқаны жайлы хабар түскен. ТЖМ мамандары оқиға орнына келіп жеткенше 22 жастағы жігіттер суға батып кеткен.

«Біреуінің денесін сол маңайда болған куәгерлер алып шықса, екіншісінің мәйітін сүңгуірлер тапты. Қайықпен серуендеуге шыққан ер адамдар жағадан тым алыс кетіп қалған. Кенеттен қайық аударылып түсіп, қайғылы жағдай орын алды. Жыл басынан бері өңірімізде 16 адам суға кетті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар тұрғындарға суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив