KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2,2 м/с, В
442.85 480.32 4.94

Тас жолдар жабылды

19.02.2020, 10:24 271

ШҚО-да ауа райының күрт өзгеруіне байланысты бірнеше тас жол жабылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазір облыс аумағында қарлы боран, бұрқасын жел соғып, жолдарда көктайғақ орнады. Осыған байланысты үш республикалық маңызы бар, төрт облыстық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы тоқтатылды.

ТЖД ақпараты бойынша, қарлы боранның салдарынан сағат 16.00-ден бастап Омбы-Майқапшағай тас жолының 915-1087 шақырымы Қалбатау-Боғас учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.

Сағат 15.00-ден бастап Семей-Қайнар тас жолының 8-266 шақырымында жол жабық.

Сағат 14.30-дан бастап Өскемен-Семей тас жолының 10-198 шақырымындағы Герасимовка-Семей учаскесінде тіркеме және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Сағат 15.00-ден бастап Шар-Әуезов-Борсақ тас жолының  Алматы-Өскемен тас жолымен қиылысында жол жабылды.

Сағат 12.30-дан бастап Семей-Қарауыл тас жолының 4-182 шақырымында, Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха тас жолының 0-87 шақарымында, Бородулиха-Жезкент тас жолының 0-49 шақырымында жол жабық.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив