KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 2 м/с, ОБ
478.58 520.84 5.44

Өскемен тұрғыны бомба туралы жалған ақпарат таратты

13.02.2020, 09:55 173

Өскемен қаласының 39 жастағы тұрғыны «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру» бабы бойынша айыпталып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл оқиға өткен жылдың 30 мамырында болған. 102 арнасына Қазақстан, 159/4 мекен-жайындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының ғиммаратына бомба қойылғаны туралы хабар түседі. Бұл ақпараттың жалған екені анықталады.

Жалған ақпарат таратқан 39 жастағы қала тұрғыны екен. Ол кінәсін толық мойындап отыр.

Оның әрекетінің салдарынан мемлекетке 75 439 теңге көлемінде материалдаық залал келтірілді.

Өскемен қалалық № 2 сотының шешімі бойынша, ер адам кінәлі деп танылып, екі жылға бас ботсандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив