KZ
Өскемен
+22°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
451.77 485.97 5.07

ШҚО Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

31.01.2020, 11:48 243

Сағат Мәдиев ШҚО Полиция департаментінің бастығы етіп тағайындалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы ақпарат Polisia.kz сайтында жарияланды.

- ҚР Президентінің Әкімшілігінің және ШҚО әкімінің келісімімен ШҚО Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Мәдиев Сағат Кентайұлы тағайындалды. Жаңа басшыны жеке құрамға ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды, - деп жазылған ресми хабарламада.

Сағат Мәдиев 1969 жылы дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1990 жылдан бері  жұмыс істейді. Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарынң Полиция департаменттерінде басшылық лауазымдарда қызмет етті. 2017 жылдың наурыз айынан бастап Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция депаратменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет еткен болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив