KZ
Өскемен
+16°
дождь жел 2 м/с, В
519.51 611.83 6.6

Мәдениет және өнер саласындағы қызметкерлердің еңбекақысы көтерілді

31.01.2020, 04:44 420

Жыл басынан бері мәдениет және өнер саласындағы 36 мың қызметкердің еңбекақысы көтерілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді,

- Мәдениет және спорт саласындағы қызметкерлердің әл-ауқатын арттыру біздің жұмысымыздың бір бөлігі. Мемлекет басшысының Жолдауын орындау мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мәдениет және өнер ұйымдары жұмысшыларының еңбекақысы республикалық деңгейде 50%-ға, аймақтарда - 35%-ға көтерілді. Жалпы 36,4 мың адам қамтылды, оның ішінде республикалық деңгейде – 3 мың адам, аймақтық деңгейде – 31 мыңнан астам адам, - дейді министр.

Айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап денешынықтыру және спорт саласындағы қызметкерлердің еңбекақысы 2023 жылға дейін  жыл сайын 25%-ға көтеріліп отырады екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу