KZ
Өскемен
+34°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
474.83 515.38 5.5

Өскеменде тұмаудың төрт жағдайы тіркелді

23.01.2020, 12:02 366

ШҚО-да тұмау мен жедел-респираторлық вирустық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Республиканың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Қазақстанда В тұмауының вирусы көбірек таралған. «Шошқа» тұмауы елімізде кездеспейді екен. Дегенмен қыс мезгілінде бұл аурудың басқа да түрлері пайда болоуы мүмкін екені ескертіледі.

ШҚО-да 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап ЖРВИ ауруының 7057 жағдайы тіркеліпті, оның ішінде 1593 жағдай осы жылдың алғашқы айында тіркелген. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда көрсеткіш 10 пайызға төмендеп отыр.

Жалпы тұмау мен ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай ағымдағы маусымда тұрақты болып табылады. Өткен жылғы маусыммен салыстырғанда 28,3 пайызға төмендеген екен. 2019-2020 жылдың эпидемиологиялық маусымы басталған кезден бері ЖРВИ бойынша 3920 жағдай, В тұмауы бойынша 4 жағдай тіркелді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив