Күршімге көпір салу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінетін болды
Бұқтырма су қоймасына көпір салу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Әкім мырзаның айтуынша, сәуір айының соңына дейін құрылыс бюджеті нақтыланады.
Күршім көпірі жобасының жалпы құны 32 миллиард теңге. Мердігер ұйымды анықтап, конкурс өткізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазіргі уақытта «Күршім» паромы жұмыс істеп тұр.
Оқи отырыңыз