KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
448.89 477.93 4.76

Өскеменде «Жетекші мектептер» форумы өтті

6.11.2019, 04:37 171

 

Өскемендегі  Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрлі халықаралық «Жетекші мектептер» форумы өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы аталмыш білім ордасының баспасөз қызметі хабарлайды.

2016 жылы облысымызда 71 жетекші мектеп болса, биыл оның саны 95 ке дейін өскен. Шараның мақсаты жаңартылған білім мазмұнын қолдауды жүзеге асыруда облыс педагогтарына әдістемелік қолдау көрсету.

- Өскемен қаласында өтіп жатқан бірінші Халықаралық форум Шығыс Қазақстан облысы Жетекші мектептерінің жұмысын жандандыруға арналған. Барлық жиналған әріптестер үшін кәсіби, тәжірибелерімен бөлісуге арналған белсенді алаң. Биыл жетекші мектеп мәртебесіне ие болып отырған 24 білім ордасын айтуға болады, - дейді Педагогикалық шеберлік орталығы Өскемен қ. филиалының директоры Гүлжан Зейнолдина.

Осыған дейні оқыту семинарлары, шеберлік сыныптары мен әдістемелік сабақтардың басым бөлігі Назарбаев Зияткерлік мектептерімен жүргізіліп келсе, биылдан бастап бұл жүйе екі жақты тәжірибе алмасу негізіне көшеді. Яғни, барлық мектептер ең үздік бастамаларын, белгілі бір мәселеге қатысты шешімдерін өзге білім ордаларымен бөлісе алады. Форумда ресейлік әріптестер де онлайн режимде тәжірибе алмасты.

- Форум біз үшін үлкен маңызға ие. Себебі біздің міндетімізде жалғыз адам шешуге қауқары жоқ ауқымды мәселелер бар. Бұл форумда өзге әріптестерімізбен тілдесе отырып, олардың қиындықты шешудегі тәжірибелерімен таныса аламыз. Бұл орта жетекшілікті жаңа деңгейге көтереді. Яғни біз шешімдер алгоритмдерін ортаға сала отырып, жұмыс істейміз, - дейді Өскемен қ. №27 орта мектебі директоры Гүлмира Дюзбенбекова.

Шара аясында мектеп өмірінің барлық қызметін қамтитын сарапшылар, психологтар, маркетинг алаңдары жұмыс істеді. Инновациялық тәжірибе салоны постерлік презентациялар ұйымдастырылды. Форумға қатысушылар жоғары деңгейдегі дайындықтары үшін Назарбаев зияткерлік мектебінің және Педагогикалық шеберлік орталығы қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Сол сияқты осыған ұқсас шаралардың ұйымдастырылуын тілектерін жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив