KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 1 м/с, С
474.09 514.01 5.48

Риддердегі фототұзаққа түсіп қалған бұлан объективке тура қарап тұр

22.10.2019, 08:13 139

Батыс Алтай қорығында бұлан, қасқыр, елік сынды бірнеше түз еркелері суретке түсіп қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бәрінен де қызығы – бұланның фототұзаққа жақындап келіп, суретке әдейі түскендей тік қарауы.

Бұл суреттерді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет әлеуметтік желіде жариялады.

«Батыс Алтай қорығына фототұзақтар осы жазда орнатылды. Нәтижесін көп күткен де жоқпыз. Суретте: қабан, бұлан, қасқыр, елік. Риддер жері әдемілігімен қатар фауна мен флораға бай» деп жазды ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив