KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 1 м/с, З
481.63 534.46 5.28

Осы аптада болатын спорттық ойындар тізімі жарияланды – Өскемен

21.10.2019, 08:55 177

Өскеменде осы аптада болатын спорттық жарыстар тізбесі ұсынылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Футбол

22 қазан 14:00. «Восток» стадионы. Екінші лига арасындағы ел чемпионаты. «Алтай» (жастар) - «Оқжетпес» (жастар). Бұл – өскемендік команда үшін маусымның соңғы ойыны.

Хоккей

22 қазан. Ижевск. Жоғары хоккей лигасының чемпионаты . «Ижсталь» - «Торпедо». Youtube арнасында тікелей эфир 21:00-де басталады.

24 қазан. Альметьевск. Жоғары хоккей лигасының чемпионаты. «Нефтяник» - «Торпедо». Youtube арнасында тікелей эфир 21:00-де басталады.

26 қазан. Нефтекамск. Жоғары хоккей лигасының чемпионаты. «Торос» - «Торпедо». Youtube арнасында тікелей эфир 18:30-да басталады.

Баскетбол

22-26 қазан. «Алтайэнерго» дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Стаханов көшесі, 3 А. 2004-2006 жылғы жастар арасындағы облыс чемпионаты. Ойын әр күні 9:00-де басталады.

Волейбол

25 қазан, 19:00. «Юбилейный» кинотеатрында «Алтай» әйелдер волейбол командасының ойыншылары жанкүйерлермен бірге кино тамашалайды. 

28-30 қазан. Жекпе-жек сарайы. Волейболдан әйелдер командалары арасында Ұлттық лига ойындары. «Алтайдың» ойындары әр күні 18:30-да болады.

Бокс

22-25 қазан. Жекпе-жек сарайы. 2004-2005 жылғы спортшылар арасында облыс чеммпионаты. 14:00-де басталады. финал күнгі кездесулер 12:00-де басталады.

Теннис

25-28 қазан. «Smash» тенним орталығы. ATF халықаралық турнирі. 4 мемлекеттен келген 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында.  Басталуы – 9:00.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив