KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,3 м/с, ОШ
451.03 487.47 4.94

Өскеменнің іргесіндегі ауылға Интернет бір жарым жылдан кейін барады

10.09.2019, 05:07 142

Өскеменнің іргесіндегі Самсоновка ауылы  сымсыз Интернетті әлі бір жарым жыл күтуге мәжбүр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыс орталығына тиіп тұрған Самсоновка ауылы өркениеттен ада деуге болады. Себебі елді мекенде ұялы байланыс та, интернет те жоқ.

– Интернет мәселесін тамыз айында шешуге уәде берген еді. Бірақ ештеңе жасалып жатқан. Тіпті бала-шағаны дұрыстап оқытудан қалдық. Электронды күнделік дейді... қайдағы... – деп қынжыла сөйледі ауыл тұрғындарының бірі.

Ал ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәлімдеуінше, аталмыш мәселе таяудағы екі жыл ішінде ғана шешіледі.

– Ұялы байланыс операторларының лицензиялық міндеттемелеріне сәйкес Самсоновка ауылы 2020 жылдың соңына дейін ұялы байланыспен қамтамасыз етіледі, – дейді ведомство басшысының орынбасары Алма Қайрақанова.

Алма Қайрақанованың айтуынша, 2021 жылдың соңына дейін Самсоновка ауылына Long-Term Evolution (LTE) технологиясы бойынша сымсыз Интернет енгізу жоспарлануда. Яғни елді мекен тұрғындары үшін кемінде 3 Мбит/с жылдамдығы қолжетімді болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив