Биыл дала өрті былтырғыдан қарағанда 68%-ға өскен
Биыл дала өрті былтырғыдан қарағанда 68%-ға өскен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы Семей қаласы Төтенше жағдай басқармасы мәлім етті.
Мамандардың айтуынша, өрттің жиілеуіне күннің күрт ысуы мен қоршаған ортаға адамдардың салғырттық танытуы себеп болған.
Сондықтан да өрт сөндіру қызметіндегілер облыс жұртшылығынан құрғақ шөптің маңында қоқыс өртемеуді және жалын көрген жағдайда бірден хабар беруді сұрайды.
Оқи отырыңыз