ШҚО: орман өртінен 288 млн теңге залал келді
Шығыс Қазақстан облысында өрттен келген 288 миллион теңгеге жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тілсіз жау, әсіресе, Катонқарағай ұлттық паркінің, Күршім және Үлкен Нарын орман шаруашылықтарының аумағына көп залал келтірді. Қазір орман инспекциясы бұл жерлерде қызметтік тексеру жүргізіп жатқанын айта кетейік.
«Өрттің нақты себептерін Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлім мамандары анықтайды. Бұл іске прокуратура да қатысады. Сондықтан жақын арада оқиғалардың жай-жапсары белгілі болады», - деді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Қайрат Мейрембеков.
Биыл ғана Шығыс Қазақстанда 324 өрт тұтанып, 10 мың гектардан астам орманды алқапты жойып жіберді.