KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, З
448.81 476.82 4.77

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қайта құрылды

13.06.2019, 12:21 383

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі ведомствоға бөлінді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып қайта құрылды. Ол мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасының сақталуын бақылайтын уәкілетті орган болмақ.

Агенттіктің құрамындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып бөлініп шықты. Бұл мекеме сыбайлас жемқорлықпен байланысты заңбұзушылықтарды анықтау және оның алдын алу, оған қатысты қылмыстық істерді ашу мен тергеуді жүзеге асырады.  

Екі агенттік те тікелей ҚР Президентіне бағынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив